Елде жасанды интеллектіні оқыту жоспары қалай іске асып жатыр

28.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

— Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасында цифрлық және ЖИ-экономиканы қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында 2026 жылы цифрландыру және жасанды интеллект саласында кадрлар даярлау бойынша жүйелі жұмыс жалғасып, кеңейтіледі. Министрлік негізгі жасанды интеллекті және цифрлық дағдыларды дамытуға бағытталған бес жылдық оқыту бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Бағдарлама дайындықтың барлық деңгейлерін қамтиды — жаппай цифрлық сауаттылықтан бастап арнайы және басқарушылық құзыреттерге дейін. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 900 мыңнан астам азамат оқытудан өтті, бұл қоғам тарапынан жоғары сұранысты және тәжірибеге бағытталған оқыту форматтарының өзектілігін көрсетеді, — делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

2026 жылы бағдарламалар білім беру, мемлекеттік басқару және бизнесте ЖИ-ді қолдануға басымдық бере отырып, сондай-ақ мақсатты аудиторияларды кеңейту арқылы жалғасады. Сұранысы бар IT-мамандарды даярлауға бағытталған, оқу құнын ішінара немесе толық өтеуді қарастыратын Tech Orda бағдарламасын іске асыру жалғасады. Бағдарлама жүзеге асырылған кезең ішінде 9 мыңнан астам маман даярланды. 2025 жылы жоғары конкурс тіркеліп, оның нәтижесінде 2,6 мыңнан астам қатысушы оқуға кірісті. 2026 жылы бағдарлама еңбек нарығының қажеттіліктері мен технологиялық басымдықтарды ескере отырып жалғасады.

— Қазақстандағы алғашқы жасанды интеллект мектебі Tomorrow School peer-to-peer моделіне негізделіп дамып келеді. Оқыту дәстүрлі дәріс форматтарынсыз, командалық жұмыс, жобалық қызмет және өзара қолдау қағидаттарына сүйенеді. Бағдарламаға түрлі елдерден студенттер қатысып жатыр, оқу ұзақтығы 18 айды құрайды және заманауи бағдарламалау тілдерін меңгерумен бірге ондаған практикалық жобаларды орындауды қамтиды. Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығында 12–18 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған TUMO Astana тегін білім беру бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама дизайн және креативті технологиялар, соның ішінде генеративті ЖИ дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқыту 2026 жылғы сәуірде басталып, халықаралық білім беру желісінің бір бөлігіне айналды, — деп аталып өткен ведомство ақпаратында.

Жоғары білім беру жүйесінде студенттер арасында қолданбалы AI дағдыларын қалыптастыруға және кәсіпкерлік, стартаптық ойлауды дамытуға бағытталған AI Sana бағдарламасы жалғасып жатыр. Бағдарламаны іске асыру қорытындысы бойынша 650 мыңнан астам білім алушы сертификат алды, бұл цифрлық экономика үшін кең кадрлық резерв қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік қызметшілердің күнделікті қызметіне ЖИ енгізуге бағытталған AI Qyzmet бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оқыту ақпаратты талдау, жоспарлау, міндеттерді автоматтандыру, басқарушылық шешімдер дайындау және көпшілік алдында сөйлеу сценарийлерін қамтиды. Бағдарлама бойынша 50 мыңнан астам мемлекеттік қызметші оқытылды.

2026 жылы мемлекеттік секторда жасанды интеллектіні ауқымды енгізу және институционалдандыру үшін басшыларды даярлауға бағытталған AI Governance 500 стратегиялық бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама басқарушыларға арналған және AI-стратегия, реттеу, этика және ЖИ-ді тұрақты енгізу саласындағы құзыреттерді қалыптастырады.

Бағдарламаның жеке бағыты мектеп жүйесі мен педагогтарды қолдауға арналған. Шамамен 300 мың педагог білім беру процесінде ЖИ құралдарын қолдану бойынша оқытудан өтті, бұл оқыту сапасын арттыруға және білім беруді цифрлық ортаға бейімдеуге ықпал етеді.

Бұдан бөлек, бБизнесті қолдау мақсатында AI Corporate бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарлама ЖИ-ді нөлден бастап меңгеруге және оны бизнес-процестерге автоматтандыруға, талдауға және басқару тиімділігін арттыруға, енгізуге бағытталған. Алғашқы тегін оқу легі 2026 жылғы ақпанда басталды.

Қосымша ретінде, ел бойынша 19 өңірлік IT-хаб жұмыс істейді, онда азаматтар цифрлық дағдыларды тегін меңгеріп, практикалық дайындықтан өте алады. Онлайн оқыту форматтары тұрғылықты жеріне қарамастан бағдарламаларға қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді.

— Осы жылдың сәуір айында Stanford University Human-Centered Artificial Intelligence (HAI), ChatGPT жасаушысының білім беру платформасы — OpenAI Academy және Кремний алқабындағы халықаралық Silkroad Innovation Hub-мен серіктестікте «AI Leaders 2026» флагмандық білім беру бағдарламасы басталды. Оқу 8 сәуірде басталып, интенсивті live-сессиялары форматындағы 30 сағаттан астам оқуды қамтиды және кең аудитория үшін озық білімге қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, қазақ, өзбек және орыс тілдеріндегі аудармамен сүйемелденеді, — деп нақтылады министрлік.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2035 жылға қарай Қазақстанда 562 кәсіп немесе еңбек нарығының 44%-ы (шамамен 4 млн адам) жасанды интеллектінің ықпалымен өзгеруі мүмкін.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью