Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Жалпы өндіріс көлемі 22,9 мың тонна.
Жуғыш заттар импорты да 22,4% өсті. Өткен жылдың 11 айында елге 214,4 мың тонна өнім импортталды, ал 2024 жылдың қаңтар–қараша айларында бұл көрсеткіш 175,1 мың тонна болған. Сырттан әкелінген өнімнің нарықтағы үлес салмағы 47,5%.
Сонымен қатар, жуғыш заттар экспорты 1,3% қысқарды. 2025 жылдың қаңтар–қараша айларында 20,7 мың тонна өнім экспортталды.
Ішкі нарықта өткен жылдың 11 айында 410,2 мың тонна жуғыш зат сатылды, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,4% көп.
Айта кетелік Қазақстанда күмістің бағасы шарықтап тұр, ал өндірісі құлдырап барады.