Елдегі 80 ге жуық медициналық ұйымның лицензиясы кері қайтарылды

02.11.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау министрілігіне қарасты медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті 9 айлық тексерістің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тексерістердің нәтижесі бойынша аумақтық департаменттер заңнама талаптарын бұзған медициналық ұйымдардың лицензияларын сот тәртібімен тоқтату рәсімдерін бастады.

"Қазіргі кезде 78 медициналық ұйымның, оның ішінде стоматологиялық клиникалардың лицензиясы кері қайтарылды. Бұл жұмыс пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, лицензиялық талаптардың сақталуын бақылауға және медициналық қызмет көрсетушілердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған ", - делінген ресми хабарламада.

Комитет медициналық көмек көрсету құқығы заңнама талаптары мен қауіпсіздік стандарттарын мүлтіксіз сақтаумен қатар жүруге тиіс екенін ескертті.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью