Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бюджеттен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 10%-ға артқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: ашық дереккөз
«Базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңгені құрайды – бұл ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы. Ал ең жоғары мөлшері күнкөріс деңгейінің 110%-ынан 118%-ына дейін ұлғайтылып, 60 005 теңгеге жетті», делінген хабарламада.
Сонымен қатар, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әрбір алушыға зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ескере отырып, жеке тәртіппен тағайындалады.
«Зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі ынтымақты жүйеде жинақталған еңбек өтілі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер енгізіледі», деп түсіндірді министрлік.
Егер зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл немесе одан аз, не мүлде болмаса, базалық зейнетақының мөлшері күнкөріс деңгейінің 70%-ына тең болады. Ал 10 жылдан асқан әрбір жыл үшін оның мөлшері 2%-ға ұлғаяды. Мысалы, қатысу өтілі 20 жыл болған жағдайда базалық зейнетақы күнкөріс деңгейінің 90%-ын құрайды. 30 жыл және одан да көп өтіл кезінде ол ең жоғары мөлшерде – күнкөріс деңгейінің 110%-ы көлемінде белгіленеді.
Ел тұрғындары зейнетақы қаржысын шығарып алудың жаңа тәсілін тапты
«Егер бір ай ішінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу кезеңі бір ай ретінде есептеледі», деп ескертті мамандар.
Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары қаншалықты тұрақты әрі толық көлемде төленсе, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемінің мөлшері де соған сәйкес жоғары болады.
«Ал жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек өтіліне (кемінде алты ай болуы қажет) және зейнеталды кезеңде алынған орташа айлық табысқа байланысты», деп атап өтті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Министрдің орынбасары Виктория Шегай 2026 жылғы 22 қаңтарда Сенат отырысында Моңғолиямен зейнетақы жинақтарына қатысты ратификацияланған келісім салдарынан БЖЗҚ-ға түсуі мүмкін қосымша жүктеме туралы пікір білдірді.
Зейнетақы жинағы есебінен емделу мүмкіндігі қашан қайта беріледі?
Соңғы жаңалықтар
Оқушыларға барлық жағдай жасалған
Білім • Бүгін, 07:40
Білім • Бүгін, 07:30
Білім • Бүгін, 07:20
Тағы бір колледж халықаралық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты
Қазақстан • Кеше
Әлем және Азия рекорды: Қазақстан мергендері жалпыкомандалық есепте көш бастады
Спорт • Кеше
Бейбітшілік кеңесі туралы тағы бір мәлімет: Ақорда түсініктеме берді
Қазақстан • Кеше
Богданович мұздығында қар көшкіні қаупі жоғары
Оқиға • Кеше
Олимпиада-2026: Фристайл-акробатикадан ел намысын кімдер қорғайды?
Спорт • Кеше
Екі облыс аумағындағы автожол жабылды
Қоғам • Кеше
23 қаңтарда Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Елорда • Кеше
«Тәуелсіздік ұрпақтары» – 2025 грантының жеңімпаздары марапатталды
Марапат • Кеше
Қазалыда теміржол үстінен өтетін аспалы көпір ашылды
Аймақтар • Кеше
Отаншыл маман даярлауды басты мақсат санаймыз
Пікір • Кеше
Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді
Президент • Кеше
Мемлекет үніңізге құлақ ассын: eOtinish-ке қанша хат келіп түседі?
Қоғам • Кеше