Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Үкімет үйінде "2026-2029 жылдарға арналған халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар" таныстырылымында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин ең төменгі жалақыны арттыру мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл мәселе ұзақ уақыттан бері көтеріп келе жатыр.
– Жалпы, бұл бағыттағы жұмыс жүргізіліп жатыр, біз ең төменгі жалақыны көтеретін боламыз. Оның нақты мөлшері қандай болатынын қазір жариялап отырған жоқпыз. Ең төменгі жалақы бюджет процесіне әсер етеді. Бұрын да атап өткенімдей, бәрі бюджеттің мүмкіндіктеріне байланысты", – деді Азамат Әмрин.
Оның айтуынша, 2027 жылға арналған бюджетті қалыптастыру бағытында жұмыс жүргізілуде.
"2025 жылдың қорытындысы бойынша, түпкілікті статистикалық деректер 1 тамызда шығады. 1 тамыздан кейін бізде 2025 жылдың толық қорытындысы және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының нәтижелері болады. Бұл көрсеткіштер 2027 жылға арналған бюджет кірістерінің болжамын қалыптастыруға қажет. Біз бюджеттің ең төменгі жалақыны қаншалықты көтеруге мүмкіндік беретінін анықтайтын боламыз", – дейді ол.