Елдегі ит мысықты есепке алу мәселесін толық шешу керек сенатор

30.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Оның айтуынша, бүгінде тіркелген жануарлар мен тіркеумен қамтылмағандардың саны белгісіз.

— Ең маңыздысы, жануарлардың иелеріне қатысты жауапкершілік, яғни осындай талап міндетті түрде болуы керек. Бірінші кезекте ит пен мысықтардың саны бойынша есепке алу іс-шарасын жүргізіп алу қажет. Базада елдегі иттердің толық саны бойынша есеп тұруы тиіс. Барлығы тіркеуде тұрса, содан кейін бұралқы иттер де болмайды, — деді Арман Өтеғұлов Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның пайымынша, есепке алу жұмыстары реттелгеннен кейін, күшік асырап алушылардың жауапкершілігі мәселесі шешіледі.

Сонымен қатар ол Сенат енгізген түзетулер аясында иесіз иттерді аулау тәртібін жергілікті мәслихаттардың шешімдері аясында реттелетінін айтты. Бұл ережені талқылау кезінде қоғамдық ұйымдардың пікірі ескеріледі.

Айта кетейік, бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қаралды. Сенаторлар құжаттың жекелеген баптарын жаңа редакцияда ұсынып, оны Мәжіліске қайтарды

Сенаторлар енгізген түзету аясында иесіз жануарлар санын реттеу кезінде «эвтаназия» терминін қолданудан бас тарту ұсынылды.

Сонымен қатар, кең қоғамдық талқылауға түскен 5 тәулік мерзімін қолданудан да бас тарту қарастырылды. Иесіз жануарлар санын реттеудің нақты тәртібі мен мерзімдерін әр өңірдің мәслихаттарына дербес айқындау ұсынылды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью