Елдегі көліктердің басым бөлігі ескірген

01.12.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, елде 6,5 миллионнан астам автокөлік бар. Сондай-ақ 9700 жүк көлігі, 1500 автобус пен 3500 мотоцикл тіркелген.

Темір тұлпарлардың жай-күйіне тоқталсақ, олардың басым бөлігі ескірген. Жеңіл машиналардың 41%-і 20 жылдан аса қолданыста болған. 24%-нің жасы   10 мен 20 жыл аралығында. Қолданыста жүргеніне 3 жыл мен 7 жыл аралығы болған темір тұлпарлардың үлесі 17%. Сондай-ақ су жаңа яғни 3 жылға жетпеген көліктердің үлесі небары 7%-ке жуықтайды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью