Елден 6,9 млрд теңге көлеміндегі декларацияланбаған валютаны әкету әрекеттері тоқтатылды

09.06.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі шетелге ақша қаражатын заңсыз әкету фактілерінің жолын кесті.

Биыл 2 маусымда Атырау облысы "Құрманғазы" өткізу пунктінде тексеруден өту кезінде ҚР азаматының жеке жүгінен 299,6 мың АҚШ доллары табылған. Сонымен қатар осы жылы 3 маусымда Жамбыл облысы шекарасында жасырын түрде 102,5 млн рубль өткізуге әрекеттенген алты шетел ұсталды.

Материалдар процестік шешімдер қабылдануы үшін құзырлы органдарға берілді, дейді комитетте.

"Жалпы жыл басынан бері 6,9 млрд теңге сомасына декларацияланбаған валютаны әкетудің 681 әрекеті тоқтатылды", - деп жазылған хабарламада.

ҰҚК Қазақстан заңнамасында белгіленген сомадан жоғары, яғни 10 мың АҚШ долларынан аспайтын қолма-қол ақшаны республикадан тыс жерге әкетуге тыйым салынатынын еске салады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью