Елдің барлық өңірінде жауын шашын мол түседі: Бектенов тапсырма берді

03.07.2026

Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Олжас Бектенов төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің, экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұрлан Алдамжаровтың, сондай-ақ бірқатар өңір әкімдерінің қауіпті гидрологиялық құбылыстарға байланысты ел аумағындағы ахуал туралы есептерін тыңдады.

ТЖМ-ның Республикалық жедел штабы мен өңірлік штабтар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағындағы жағдайға қатысты төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов тәулік бойы жұмыс істейтін 12 су бекеті қойылғанын баяндады. Ақсай бөгетінде қорғаныш үйіндісін ұлғайту, құрылысты инертті материалдармен нығайту жұмыстары және үздіксіз бақылау жүргізіліп жатыр. Қарасай ауданы Жаңатұрмыс ауылындағы жағдай қадағалауда. Барлық апаттық-қалпына келтіру жұмыстары ұйымдастырылған, жағалауды нығайту және өзен арналарын тазарту жұмыстары жүргізілуде. "Қазселденқорғау" бекеттері тұрақты мониторинг пен бақылауды қамтамасыз етіп отыр. Қазіргі уақытта су деңгейі қалыпты жағдайда.

Маңғыстау облысында Төтенше жағдайлар министрлігі әкімдікпен бірлесіп, су айдау және су басу салдарын жою жұмыстары жалғасуда. Қажетті күштер мен құралдар жедел жағдайдың кез келген өзгерісіне жедел ден қоюға дайын.

Жалпы алғанда, су тасқыны қаупі жоғары барлық өңірде Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдарының, оның ішінде авиацияны топтастыру алдын ала күшейтілді. Құтқару бөлімшелерінің, инженерлік және апаттық-құтқару техникаларының кезекшілігі ұйымдастырылды.

Қазгидрометтің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің барлық аумағында жауын-шашын мол болады деп болжанып отыр. Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарында нөсер жаңбыр жауады.

Осыған байланысты Премьер-министр Олжас Бектенов бірқатар тапсырма берді:

өңір әкімдіктері ТЖМ-мен бірлесіп, адамдардың қауіпсіздігін және елді мекендердің инфрақұрылымын қамтамасыз ету жөнінде тиісті шаралар қабылдасын;жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдарының дайындығын қамтамасыз ету, оның ішінде эвакуациялау пункттерін, қажетті көлікті дайындау және халықты эвакуациялау жағдайларына ден қою жоспарларын жаңарту;сел қаупі бар өңірлердің әкімдіктері мұздақ көлдердің жай-күйін ерекше бақылауда ұстасын, оның ішінде олардың уақтылы босатылуын қамтамасыз етсін, сондай-ақ селді сақтайтын құрылыстардың дайындығын тексерсін;Экология министрлігіне гидробекеттерде күнделікті бақылау жүргізуді және ауа райы болжамына тұрақты мониторинг жасауды қамтамасыз ету, ауа райы нашарлаған жағдайда дауылды ескертулерді мүдделі мемлекеттік органдарға жедел жеткізу.Су ресурстары министрлігіне гидротехникалық құрылыстардың жай-күйін тұрақты бақылауда ұстау, трансшекаралық өзендердегі су шығыны мен туындауы мүмкін қауіптер туралы ақпаратпен үздіксіз өзара алмасуды ұйымдастыру.Төтенше жағдайлар министрлігіне қолайсыз гидрологиялық құбылыстар жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша алдын алу жұмыстарын жалғастыру.
"Алматы, Маңғыстау облыстарының және Алматы қаласының әкімдіктеріне қалыптасып отырған жағдайды ерекше бақылауда ұстасын. Төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша жедел шаралар қабылдасын", – деп атап өтті Олжас Бектенов.
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью