Елдос Сайдалин: Шәкірттерімнің көрсеткішіне көңілім толады

09.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Құрлықтық додада Надежда Рябец (80 келі), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) Азия чемпионы атанса, Бақыт Сейдіш (70 келі) күміс жүлдегер болды. 

Сондай-ақ Айгерім Сәттібаева (48 келі), Валентина Хальзова (70 келі) үздік үштікті түйіндеді.

Азия чемпионатында еншімізге екі алтын бұйырды. Бұл көрсеткішке көңілім толып отыр. Әрине, қателіктерге жол берілді. Ең бастысы, бұл алдағы жарыстарға сынақ, жаттығу, тәжірибе ретінде ерекшеленді. Алдағы уақытта жіберген қателіктермен оқу-жаттығу жиындарында жұмыс істейміз. Оны барлық бапкермен талқылап, қателікке жол бермеуге күш саламыз. Ендігі межеміз Азия ойындары. Ұлттық құрама сапындағы қыздар әлемнің әр жерінде өтіп жатқан көптеген турнирде бақ сынап жатыр. Алда тағы да оқу-жаттығу жиындарын өткіземіз. Сол арқылы Азия ойындарында кімдердің қатысатыны іріктеледі, - деді Е.Сайдалин.

Құрлықтық додада енді 10 сәуірде ерлер құрамасынан 5 боксшымыз алтын медальды сарапқа салады. Олардың қатарында Оразбек Асылқұлов (60 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Нұрбек Оралбай (85 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) бар.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью