Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Уақытша шектеулер аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі теңгерімді тарифтік саясатты кезең-кезеңімен және атаулы түрде жүзеге асыруды жалғастырады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл ретте бірден экономикалық тұрғыдан негізсіз шешімдер қабылданбайды.
Негізгі басымдық – халыққа түсетін жүктемені барынша азайту, инфляциялық қысымды тежеу және азаматтарды сапалы әрі қолжетімді коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету.
Тарифтік саясат, ең алдымен, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің сенімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізу, инфрақұрылымның тозу деңгейін төмендету және апаттардың алдын алу негізгі міндеттердің бірі болып қала береді.
Мүмкін болатын өзгерістер кезең-кезеңімен және нүктелік сипатта енгізіледі. Әрбір шешім тек объективті әрі экономикалық негізделген факторлар ескеріле отырып қабылданады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2026 жылғы 1 сәуірден бастап электр энергиясына арналған шекті тарифтер 2025 жылғы деңгейде өзгеріссіз сақталады. Айта кетейік, 2025 жылғы желтоқсанда 2026-2032 жылдарға арналған шекті тарифтер бекітіліп, оларды тұрақтандыру туралы шешім қабылданған болатын.
Сондай-ақ министрлік мәліметінше, елімізде жанар-жағармай бағасы нарықтық қағидаттар негізінде қалыптасады. Дегенмен Үкімет халық мүддесін қорғауды басым бағыт ретінде сақтай отырып, бағаның күрт әрі негізсіз өсуіне жол бермейді.
Қазіргі таңда жағдай тұрақты бақылауда. Елде жанар-жағармай тапшылығы жоқ, қажетті қорлар жеткілікті деңгейде қалыптастырылған. Өңірлерде жергілікті атқарушы органдар, салалық ведомстволар және нарық қатысушыларының қатысуымен жедел мониторинг штабтары жұмыс істеуде.
Аталған штабтар күн сайын баға деңгейін, жанар-жағармайдың қолжетімділігін және жеткізу логистикасын бақылап, кез келген ауытқуларға жедел әрекет ету арқылы ішкі нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуде.