Электр жеткізу желісі тиіп кетті: Жанармай бекетінде ер адам тоққа түсіп, қаза тапты

16.10.2025

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Ақмола облысында жанармай бекетінде ер адам тоққа түсіп, қаза тапты. Қазір аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалды, - деп хабарлайды Аikyn.kz.

Оқиға 13 қазанда сағат шамамен 09:45-те болған. Ер адам жанармай құю бекеттерінің бірінде тоққа түсіп, сол жерде мерт т болған.  

"Болжам бойынша, оператор автоцистернаның тіркемесіне көтерілген кезде электр жеткізу желісіне тиіп кетіп, тоқ соғу салдарынан оқиға орнында қаза тапқан", – деп хабарлады ведомство.

Облыстық еңбек инспекциясы комиссия құрылып, тексеріс жүріп жатқанын мәлімдеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью