Электронды сауда көлемі бес жылда жеті есеге өсті

30.01.2026

24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Жаһан жұртының 30 пайызы базарға бармайды.

Күнделікті қажетті заттарын электронды сауда алаңдары арқылы алдыртатын халық 2024 жылы 6,3 трлн долларға тауар сатып алған. Бұл көрсеткіш 2028 жылға қарай 8 трлн долларға жетуі мүмкін.  Бізде де аталған сауда алаңы қарқынды дамып, халық қолма-қол сауда-саттықтан ақырындап арылып барады.  

Иә, тұрғындар тұрмыстық тіршілікте тұтынатын тауарлардан бастап үлкен техникаларға дейін онлайн дүкендер арқылы сатып алатын болған. Оны күнделікті өмірде байқап жүрген боларсыз. Дегенмен, сауда қарқыны өскенімен, сатып алулардағы орташа төлем көлемі төмендеп келеді. Оған не себеп болды?  

Бес жылда электронды сауда айналымы 7 есеге артты. 2024 жылы біздегі бұқара виртуалды базарларда 3,2 трлн теңгеге тауар тапсырыс берген. Ал былтыр онлайн сауда-саттық жалпы алыс-берістің 15 пайызын құраған. Бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. 2029 жылға қарай бөлшек-саудадағы үлес 18,5 пайызға дейін көбейеді деген болжам бар. Сөйте тұра сатып алулардың орташа төлем көлемі 24 пайызға төмендеген. 2025 жылы әр тұтынушы шамамен 21 теңгеге сауда жасаған. Бұған тұрмыстық тауарларды көптеп сатып алу себеп дейді мамандар.

5 жыл – 7 есе 

2024 жылы – 3,2 трлн теңге

2025 жылы бөлшек саудадағы үлесі – 15%

2029 жылы бөлшек саудадағы үлесі – 18,5%      

Дәурен Ауталипов, ҚР «Атамекен» ҰКП сауда департаменті директорының орынбасары:

- Соңғы жылдардың үрдісі болып средний чектің төмендеуі. Көбісі сұрайды, неге жалпы орта көрсеткіш төмендеп жатыр деп. Бұл басқаша айтқанда нарықтың жетілуі деп айтса болады.  Өйткені жаңадан бастап келе жатқан нарықта үлкен техникалар, қымбат киімдер алынатын болса, бүгінгі таңда  тек күнделікті сауда арналарына айналып кетті. 

Базарлардың болашағы қалай болмақ? Дәстүрлі сауда алаңдары жабыла ма? Электронды сауда-саттық қарқын алғанда мұндай сауалдың туындауы заңдылық. 

Дәурен Ауталипов, ҚР «Атамекен» ҰКП сауда департаменті директорының орынбасары:

- Бірнеше жыл бұрын жаңадан осы нарық дамып келе жатқан кезде көбісі айтатын, біздің базарлар онлайнға айналып кетпей ме, базарлар жабылады деген секілді. Жоқ, е-комды сатудың арналарының бірі ретінде қарастыру керек. Сондықтан офлайн сауда толығымен жойылады немесе қандайда бір тәуекел бар  деп айтуға болмайды. Бұл екеуі қатар жүретін нәрсе.  

Әрі виртуалды базарларда тәуекел тым көп екенін айт кеткен жөн. Қалай дегенмен, көзбен көріп, қолмен ұстап сатып алған затыңдай болмайтыны белгілі. Әңгіме тауарлардың сапасы жайлы. Былтыр Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетіне 83 мың адам арызданған. Олар қызмет пен тауардың сапасына шағым түсірген. Оның 18 мыңы электронды сауда-саттыққа қатысты. Жауаптылар 2,8 млрд теңге тауар қайтарылып, ауыстырылды дейді. 

2025 жылы – 83 мың адам

Электронды сауда – 18 мың адам

Қызмет көлемі - 2,8 млрд теңге     

Шәкәрім Хайдар, ҚР СИМ тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің бас сарапшысы:

- 83 мың өтініштің жалпы алғанда былай 37 пайызы бойынша тұтынушылардың құқықтары қанағаттандырылған және тура сол көлемде, яғни 32 пайыз көлемінде тұтынушыларға құқықтық көмек көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілген болатын. 22-23 пайыз арасында әкімшілік рәсімдік кодекс шеңберінде бірлескен жұмыс жүргізу үшін өтініштің мәніне қарай биінді мемлекеттік органдарға жолданған болатын және қалған өтініштер қалыста қалған және тұтынушылардың өздері кері қайтарып алған өтініштердің саны.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью