Электрондық сауда операторларының қызметі заңнамалық деңгейде бекітілмек

03.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Фото: gov.kz

Жаңа заң жобасы аясында электрондық сауда тауарларын жеке санатқа бөлу көзделіп отыр. Сонымен қатар құжат электрондық сауда операторларының қызметі үшін құқықтық негіз қалыптастырмақ.

Олардың функцияларына жеке тұлғалардың Интернет-алаңдарда тауарларды сатып алу жөніндегі операцияларының логистикасын қамтамасыз ету, сондай-ақ кедендік декларациялау және электрондық сауда тауарларын сақтау процестерінің сақталу мәселелері бойынша Интернет-алаңдармен және кеден органдарымен өзара іс-әрекетті жүзеге асыру кіреді.
Бұдан бөлек, түзетулермен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі электрондық сауданы құқықтық реттеуді жетілдіру көзделеді.

Еске сала кетейік, бүгін Астанада Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтіп жатыр. Елімізде алғаш рет қылмыстық рақымшылықпен қатар әкімшілік рақымшылық жүргізілмек. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью