Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылдың қорытындысы бойынша әлемдегі ең жоғары табыс тапқан теннисшілердің үздік ондығына кірді – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Sports.kzсілтеме жасап.
Рейтингте Рыбакина 10-орынға жайғасты. Оның бір жылдағы табысы 16,3 миллион долларға жеткен. Сол табыстың 11,3 миллион доллары жүлде қорларынан, ал 5 миллион доллары демеушілік келісімшарттан түскен.
Рейтингтің көшін испаниялық Карлос Алькарас бастап тұр. Оның жылдық табысы – 62,9 миллион доллар. Екінші орында Янник Синнер (Италия) – 59 миллион доллар, ал үздік үштікті америкалық Коко Гауфф (40,3 миллион доллар) жапты.
Ал алғашқы ондыққа Серена Уильямс, Арина Соболенко, Новак Джокович, Чжэн Циньвэнь, Ига Швёнтек және Александр Зверев енді.
2026 жылғы ең көп табыс тапқан теннисшілердің рейтингі:
Карлос Алькарас (Испания) – 62,9 млн доллар;
Янник Синнер (Италия) – 59 млн;
Коко Гауфф (АҚШ) – 40,3 млн;
Серена Уильямс (АҚШ) – 40 млн;
Арина Соболенко (Беларусь) – 35,9 млн;
Новак Джокович (Сербия) – 25,6 млн;
Чжэн Циньвэнь (Қытай) – 24,6 млн;
Ига Швёнтек (Польша) – 22,8 млн;
Александр Зверев (Германия) – 16,7 млн;
Елена Рыбакина (Қазақстан) – 16,3 млн доллар.
Айта кетейік, Рыбакина 2026 жылғы маусымда Australian Open турнирінде жеңіске жетіп, мансабындағы екінші «Үлкен дулыға» титулын иеленді.