Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атануы мүмкін

16.02.2026

Zakon.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

WTA 1000 Dubai Tennis Championships турниріне әлемдік рейтингтің алғашқы екі сатысында тұрған теннисшілер – Арина Соболенко мен Ига Швёнтек қатыспайды. Қазіргі бірінші ракетка саналатын Соболенконың көшбасшылығына әзірге қауіп жоқ. Ал Швёнтек осы аптада әлемнің екінші ракеткасы атағынан айырылып қалуы мүмкін.

Жаңартылған рейтингте Ига Швёнтек пен Елена Рыбакина арасындағы айырмашылық небәрі 280 ұпайды құрайды.

Егер Дубай корттарында сәтті өнер көрсетсе, қазақстандық теннисші бірнеше күн ішінде польшалық спортшыны басып озып, әлемдік рейтингтің екінші сатысына көтерілуі мүмкін. Бұл – Рыбакинаның кәсіби мансабындағы ең жоғары көрсеткіш болмақ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от DDF Tennis Championships (@ddftennis)

Рыбакина мықтылар тізбесінде болғандықтан, алғашқы айналымға қатыспайды. Келесі кезеңде ол әлемдік рейтингте 94-орында тұрған аустралиялық Кимберли Бирреллпен кездеседі.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью