Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Аталған жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген Рыбакина екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 33-орында тұрған Ван Синьюйға тап келді.
Қарсыластар осыған дейін өзара екі рет кездесіп, онда қазақстандық теннисші жеңген еді. Бұл жолы бірінші партияда Е.Рыбакина 4:2 есебімен алға шықты. Сосын тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2.
Екінші сетте қытайлық теннисші 4:2 есебімен алға кеткенімен, қазақстандық спортшы қатарынан төрт гейм алды – 6:4. Бір сағат 21 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 2 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Ван Синьюй 1 эйс, 1 брейктен (3 брейк-пойнт) аса алмады.
Елена Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 26-ракеткасы, қытайлық Чжэн Циньвэнь немесе рейтингіде 77-сатыдағы америкалық Алисия Паркстің біреуімен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Қатарда 8-14 ақпан аралығында Доха WTA 1000 турниріне қатысатынын жазған едік.
Сондай-ақ Анна Данилина әлемдік рейтингіде ТОП-10-ға қайта кірді.
Денис Евсеев Үндістандағы турнирде сенсация жасады.