Елена Рыбакина екі жыл бұрынғы жетістігін қайталады

08.01.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бүгін қазақстандық теннисші Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінде испаниялық Паула Бадосаны жеңген еді. Осылайша, ол OptaAce мәліметіне сәйкес WTA жарыстарында қатарынан 13 рет жеңіске жетіп, өзінің үздік көрсеткішін қайталады. Рыбакина 2023 жылы Дубай мен Майами жарыстары арасында 13 матчты жеңіспен түйіндеген еді.

Брисбенде Елена Рыбакина 9 қаңтар күні таңмен әлемнің 20-ракеткасы, чехиялық Каролина Муховамен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады. 

2025 жылды WTA қорытынды турниріндегі чемпиондық атақпен аяқтаған қазақстандық теннисші өткен маусымды енді ойламайтынын жеткізді.

– Бұл статистиканы білген жақсы, бірақ мен алдағы матчтардың әрқайсысына көңіл бөлмекшімін. Өйткені одан бері біраз уақыт өтті. Сондықтан қазір өтіп жатқан турнир маңыздырақ. Әр бәсеке сайын ойынымды жақсарта түсуім керек, - деді Е.Рыбакина.

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 14-ракеткасы Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге Брисбен додасының финалынан тыс қалды. 
Қазақстандық-сербиялық дуэт жартылай финалда испаниялық Кристина Букша – аустралиялық Эллен Переске тартысты матчта жол берді – 3:6, 6:4, 7:10.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от OptaAce (@optaace)

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның жылдың алғашқы турнирінің ширек финалына шыққанын жазған едік.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью