Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 36-ракеткасы, Париж Олимпиадасының чемпионы, қытайлық Чжэн Циньвэньмен шеберлік байқасты.
Қарсыластар осыған дейін өзара төрт рет кездесіп, соның үшеуінде Рыбакина жеңген еді.
Бұл жолы қытайлық теннисші матчты сәтті бастады – 6:4.
Екіншісінде Рыбакина есе қайырды – 6:4.
Үшінші, шешуші сетті қазақстандық спортшы жеңіспен түйіндеді - 6:3
Екі сағат 21 минутқа созылған тартысты бәсекеде Елена 7 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың төртеуін құр жібермеді. Циньвэнь 9 эйс, 3 брейкпен көзге түсті.
Елена Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 40-ракеткасы, латвиялық Елена Остапенко немесе рейтингіде 56-сатыдағы аустриялық Анастасия Потапованың қай жеңгенімен таласады.
Өткен жылы Е.Рыбакина Мадридте үшінші айналымнан аса алмаған еді. Биыл сол көрсеткішін жақсартты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің жұптық сында Мадрид турнирінің екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.