Елена Рыбакина Майами турнирінен кейін ерекше нәтижеге қол жеткізді

26.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қазақстандық теннисші спорттық жолында WTA 1000 жарыстарында 13 рет жартылай финалға жолдама алды.

Осылайша, Е.Рыбакина Азия елдері бойынша үздік көрсеткішті жаңартты. 2009 жылы WTA 1000 додасы басталғаннан бері қытайлық Ли На бұған дейін 12 рет жартылай финалға шыққан еді.

Сонымен қатар қазақстандық спортшы 2009 жылдан бері Индиан-Уэллс пен Майамиде бірнеше маусым қатарынан жартылай финалға өткен үшінші теннисші атанды. Сөйтіп, ол ресейлік Мария Шарапова мен беларусьтік Виктория Азаренконың жетістігін қайталады.

Оған қоса америкалық Джессика Пегуламен өткен ширек финалдық матчта Елена 15 эйс жасады. Бұл да – осы додадағы биылғы озық көрсеткіш.

Елена Рыбакина финалға шығу үшін Майами турнирінің өткен жылғы чемпионы, әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен таласады.

Қарсыластар осыған дейін 16 рет кездескен. Есеп – 9:7, Соболенконың пайдасында.

Биыл Аустралия ашық чемпионатының финалында Рыбакина жеңсе, кейін Индиан-Уэллсте Соболенко қарымта қайырды.

Е.Рыбакина WTA Live рейтингісінде қазіргі кезде ұпай санын 8 108-ге жеткізді. Көш басындағы А.Соболенконың еншісінде 10 415 ұпай бар.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Майами турнирінде Елена Рыбакинаның камбэкпен жартылай финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью