Arasha.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина WTA әлемдік рейтингінің екінші сатысына көтерілді. Бұл жетістікке ол АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өткен BNP Paribas Open турнирінде финалға дейін жетуінің арқасында қол жеткізді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Шешуші матчта ол әлемнің бірінші ракеткасы, беларусьтік Арина Соболенкоға есе жіберді.
Қазіргі уақытта Рыбакинаның еншісінде 7783 рейтингтік ұпай бар. Рейтинг көшбасшысы Соболенкода — 11025 ұпай. Үшінші орында 7413 ұпаймен польшалық теннисші Ига Швёнтек тұр.
Сондай-ақ, турнирден кейін тағы бір қазақстандық Анна Данилинаның да рейтингтегі жағдайы жақсарды. Ол жұптық сында төртінші орынға көтерілді, бұл да оның жеке рекорды болып табылады.