Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Opta Ace сайтынан мәлім еткеніндей, бүгін әлемдік рейтинг көшбасшысы Арина Соболенконы ұтқан Е.Рыбакина жеңіс бойынша пайыздық көрсеткішін 60-қа жеткізді.
Былайша айтқанда, әлемнің 1-ракеткаларымен өткізген 15 ойынның 9-ында Елена басым түскен, алтауында жеңіліс тапқан, яғни 60 пайыз.
Бұл – WTA рейтингісінің алғашқы жарияланымы жарық көрген 1975 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Рейтингіде әлемнің 1-ракеткаларымен кемінде 10 матч ойнаған теннисшілердің нәтижелері есептеледі.
Е.Рыбакина «Үлкен дулыға» турнирінің 23 дүркін чемпионы, америкалық Серена Уильямс және осындай 22 титулға қол жеткізген германиялық Штеффи Графты басып озды.
Әлемнің бірінші ракеткаларымен кемінде он матч өткізген үздік теннисшілер жеңісінің пайыз көрсеткіші бойынша рейтингісі:
1.Елена Рыбакина (Қазақстан) — 60 пайыз.
2.Серена Уильямс (АҚШ) — 58,6 пайыз.
3.Штеффи Граф (Германия) — 57,9 пайыз.
4.Линдсей Дэвенпорт (АҚШ) — 44,1 пайыз.
5.Элина Свитолина (Украина) — 43,8 пайыз.
Бүгін финалдан кейінгі баспасөз мәслихатында Е.Рыбакинаға әлемнің үздік теннисшісі болғың келе ме, таяудағы мақсатың рейтингіде бірінші орынға көтерілу ме? деген сауал қойылды.
- Иә, менің мақсатым үлкен. Әрине, бәрін уақыт көрсетеді. Бірақ біз жұмысты жалғастырамыз. Өз мақсатыма жетемін деп үміттенемін, - деді қазақстандық теннисші.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы атанғанын жазған едік.
Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады.
Елена Рыбакина Қазақстан халқына алғысын айтты.