Елена Рыбакинаның WTA дағы жеңісі үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды

09.11.2025

Zakon.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қазақстандық спортшы финалда Беларусь өкілі Арина Соболенканы екі сетте де тізе бүктірді. Шешуші кездесу 6:3, 7:6 есебімен аяқталды. Осылайша, Рыбакина әйелдер арасындағы жекелей сында WTA қорытынды турнирін жеңіп алған алғашқы қазақстандық теннисші атанды.

Рыбакина турнирдің бес кездесуінде де жеңіске жетті. Сондықтан қазақстандық теннисші бір де бір жеңіліссіз қол жеткізген титулы үшін әлемдік теннис тарихындағы рекордтық жүлде – 5,235 миллион доллар (шамамен 2,75 миллиард теңге) алатын болады.

Турнир барысында Соболенкодан бөлек, Рыбакина Аманда Анисимованы (№4), Ига Швентекті (№2), Екатерина Александрованы (№10) және Джессика Пегуланы (№5) жеңген болатын.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью