Елге керек Ой зерек

27.03.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Өңір Наурыз мерекесін айшықты әдемі нақышпен, тәрбиелі тағылыммен рухани мол қазынаны қайта жаңғыртып, маржанын сүзіп алып атап өтті. Соның ішінде ел назарын аударған елеулісінің бірі – «Көк­шетау Энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұйымдастырған зияткерлік танымдық ойыны.

Соңғы түйін – «Ой зерек» квиз ойыны. Байқау барысында қатысушылардың логикалық ойлау қабілеті, аяқ астынан тапқырлық танытуы, әзіл-қалжыңға икемділігі, тұтастай алғанда командалық рухты нығайту таразы басына тартылды. Ойынға орталық базаның жеті командасы қатысты. Әр команда төрт қатысушыдан тұратын. Ілкімді іс-шара таза қазақ тілінде өткізілді.

Қатысушылар тілдері жеткенше өз командаларын жан-жақты қырларынан таныстырып, тілді меңгеруге деген ықылас ұмтылыстарын көрсете білді.  Ұшқыр ойдың ұшқынын лаулататын «Ой қыздыру» сайысында қатысушылар ойлау жүйесінің дұрыстығы мен жылдам пікір қорыту деңгейлерін танытты. «BRAIN MIX» тақтасында білім деңгейі мен логикалық ойлау қабілеті сарапқа салынса, «Ойлан, тап, аудар» аренасында жергілікті ұлт тілін қаншалықты меңгергендігін көрсетті, ал, «Дәстүр алаңы» ұлттық дәстүрлер туралы таным мен түсінікті безбендеді.

– Бүгінгі іс-шараның негізгі мақсаты ана тілімізді, салт-дәстүрімізді насихаттау, – дейді серіктестік басшысы Досымхан Аралбаев, – өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруіне барлық жағдайды жасап жатырмыз. Ынталандыру мақсатында берілетін сыйақы қоры да мол. Еңбек етіп жатқан адамдардың бәрі бір үйдің балаларындай мемлекеттік тілде сөйлеп, жергілікті ұлттың әдет-ғұрпын танып білетін болса, құрметі де артады. Сайып келгенде бұл бірлікті бекемдей түспек.

Әр команда мемлекеттік тілді қаншалықты мең­гер­генін, шығармашылық қуатын және бірлігін аңғарта білді. Байқау қорытындысы бойынша бас жүл­деге «Білімге құштарлар» командасы лайық деп ұйға­рылып, төрт миллион теңге, бірінші орынға «Наурызкөже» командасы көтеріліп, үш миллион теңгеге ие болды. Екінші орынға лайық деп есептелген «Шамшырақ» командасына екі миллион, үшінші орынды еншілеген «Отандастар» командасы бір миллион теңге сыйақыға ие болды. Ерекше көзге түскен бес ойыншыға әрбір аталымдар бойынша сый-сияпат табысталды. 

Ақ түйенің қарны жарылған әз Наурыз мерекесінде серіктестіктің аудандағы бөлімшелеріне алты арнаулы техника мен жеңіл автокөліктер табыс етілді.

Көкшетау 

Соңғы жаңалықтар

Қазақы тағамның қасиеті

Экономика • Бүгін, 08:53

Атыраудағы бірегей зауыт

Өндіріс • Бүгін, 08:50

Жұмыссыздарға қандай қолдау бар?

Сараптама • Бүгін, 08:48

Көлік кептелісі шектен шықты: Әрбір жүргізуші жылына кемінде 50 сағат көшеде қаңтарылып тұрады

Қоғам • Бүгін, 08:45

Технология мен ғылымды тоғыстырған

Ғылым • Бүгін, 08:43

Алматы Кремний алқабына айнала ма?

Ғылым • Бүгін, 08:40

MIT-ке қабылданған оқушы

Білім • Бүгін, 08:38

Жазата жеткізген жәдігер

Жәдігер • Бүгін, 08:35

Берекенің бесігі

Көрме • Бүгін, 08:33

«Алтын ғибадатханада» күйреген сенім

Әдебиет • Бүгін, 08:30

Актер шындығы қайда жоғалды?

Өнер • Бүгін, 08:28

Сәулелі кеңістіктің секемшіл суреті

Әдебиет • Бүгін, 08:25

Нөкерсіз жүрген, нөсерге төзген

Тұлға • Бүгін, 08:23

Тасқынға тастүйін дайындық

Су тасқыны • Бүгін, 08:20

Тағдырын таныған таланттар

Әдебиет • Бүгін, 08:18

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью