Arasha.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Ресейлік миллиардер Александр Галицкийдің бұрынғы жұбайы Алия Галицкая уақытша ұстау изоляторының (ИВС) камерасында өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Baza Telegram арнасы таратқан мәліметке сәйкес, өткен жұма күні Алия Галицкая бұрынғы күйеуінен ақша бопсалады деген күдікпен қамауға алынған. Ол Мәскеу облысында ұсталған. Тергеу нұсқасы бойынша, Галицкая экс-жұбайымен кездесулер кезінде және телефон арқылы 150 миллион АҚШ долларын (шамамен 72 млрд теңге) беруді талап етіп, компромат жариялаймын деп қорқытқан.
Бұған дейін Алия Галицкая ортақ мүлікті бөлу жөнінде сотқа талап арыз түсірген. Іс аясында Александр Галицкийдің 435 миллион рубль (шамамен 2,7 млрд теңге) көлеміндегі мүлкіне тыйым салынған. Атап айтқанда, Патриаршие прудыларындағы пәтер, екі автотұрақ орны, қала сыртындағы үй және "Тургенев" клубтық кешеніндегі апартаменттер бұғатталған.
Сот Алия Галицкаяны екі айға қамауға алу туралы шешім шығарған. Алайда ол тергеу изоляторына жеткізілмеген. Күдікті уақытша ұстау изоляторында өз-өзіне қол жұмсаған.
Айта кетейік, Александр Галицкий – Шығыс Еуропа мен Батыстағы ең танымал әрі ықпалды венчурлық инвесторлардың бірі. Ол жоғары технологиялар индустриясының "архитекторы" ретінде аталады. Оның қорларының басқаруында жүздеген миллион доллар бар.