Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Ростислав Коняшкиннің айтуынша, шетелен немесе Дубайдан әкелінген құрылғыларды Қазақстанда заңдастыратын арнайы сервис бар.
Ол үшін смартфонның басқа елден алынғанын растайтын құжаты болу керек.
Айта кетейік, қазір Қазақстанға әкелінген телефондарды IMEI-кодын тіркеу процесі қарқынды жүріп жатыр.
Министрліктің мәліметінше, былтыр елімізде 5 миллионға жуық смартфон сатылған, оның 75%-ға жуығы заңсыз жолмен әкелінген. Осылайша мемлекет 70-80 млрд теңге салықтан қағылған.
Айта кетелік Қазақстанда мобильді аударым ережелері өзгерді.
Қаулы нормаларының бір бөлігі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 10 күн өткен соң күшіне енеді. Атап айтқанда, қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздік жедел орталықтары «Qainar» ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы ақпаратты өңдеудің автоматтандырылған жүйесін пайдалану тәртібі нақтыланады. Сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіруге бағытталған редакциялық түзетулер енгізілген.