Елімай Ордабасы матчын жүргізген төреші Астана әуежайында ұсталды

15.06.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Фото: Instagram/fcfantobol

Әзірге рефериге ресми айып тағылмағанымен, оның ойын қарсаңында «Елімай» тарапына бейәдеп сөздер айтуы тексеріске себеп болған.  

Матчта Есмұратов «Ордабасы» қақпасына соғылған екі голды есепке алмаған. Оның бірі VAR арқылы офсайд деп танылған. Ойыннан кейін «Елімай» бапкері Андрей Карпович пен футболшы Жан-Әли Пайруз төрешімен дауласып, екеуі де қызыл қағаз алған.

Бапкердің айтуынша, төреші матчтан кейін клубқа қатысты ауыр сөздер айтып, эмоциялық мәлімдемелер жасаған.

«Маған бас төреші, рефери Ісмуратов тура мағынасында боқтық сөз айтты. Бұл анық көрінді, естілді. Ол бүгін біздің облысты, бізді қолдауға келген жанкүйерлерді қорлады, намысына тиді. Бұдан бөлек, ол маусымның қалған бөлігінде «Елімайды» әдейі «қыспаққа алатынын» айтты», деді бапкер баспасөз брифингінде.

3 қызыл қағаз: Әлем чемпионатының ашылу ойындарында төреші рекорд орнатты

Бұған дейін де Арман Есмұратовтың аты дауға қалған болатын. 5 жыл бұрын «Атырау» – «Шахтер» матчынан кейін ол ойыншымен жанжалдасып, жанжал кезінде футболшыға қол көтергені туралы ақпарат тараған еді. Сол кезде ол маусым соңына дейін шеттетілген еді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Милан Олимпиадасында мәнерлеп сырғанау бойынша төрешілік еткен Надежда Парецкаяға қатысты дау болған еді. Қазақстан атынан барған төрешіге кейбір ресейлік спортшыларға тым жоғары балл қойған деген айып тағылған еді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью