Еліміз бойынша ана өлімі 43% ға азайды

30.05.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 30 мамыр - Sputnik. 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ана өлімі көрсеткіші 43%-ға төмендеді.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында бірінші вице-министр Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді.

"2026 жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша ана өлімі көрсеткіші 100 мың тірі туған балаға шаққанда 6,8-ді құрады. Өткен жылы бұл көрсеткіш 12,0 болған. Нәресте өлімі де төмендеп, 1000 тірі туған балаға шаққанда 5,92-ден 5,56-ға дейін азайды. Аналар денсаулығын сақтау саласындағы оң динамика бірқатар факторларды күшейту нәтижесінде қол жеткізілді", - делінген хабарламада.

Жүкті әйелдерді ерте бақылаумен қамту деңгейі 77,6%-ға дейін артып, ал фертильдік жастағы әйелдерді прегравидарлық дайындықпен қамту көрсеткіші 54,5%-ға жеткен.

"Жаңғырту шеңберінде отбасын жоспарлаудан бастап босанғаннан кейінгі қалпына келтіруге дейін әйелдерге кешенді медициналық қызмет көрсету мақсатында "Әйелдер консультациялары" қайта ашылды. Қазіргі таңда олардың 273-і қалаларда, 152-сі ауылдық жерлерде, 24-і облыстық перинаталдық орталықтар жанында жұмыс істейді. Алдағы уақытта МСАК базасында қосымша 49 әйелдер консультациясын ашу жоспарлануда", – деді бірінші вице-министр.

Сонымен қатар ол өңірлерде 19 облыстық перинаталдық орталық жанынан "Салауатты Ана" пансионаттары ашылғанын хабарлады. Бүгінде мұнда 89 төсек ұйымдастырылып, жоғары қауіп тобындағы 3,5 мыңнан астам жүкті әйел алдын ала медициналық көмек алған.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью