Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді.
Президент ең әуелгі міндет экономиканы және саяси бағытты жаңа талаптарға дер кезінде бейімдеу екеніне тоқталды.
"Сыртқы конъюнктураның қолайсыздығына қарамастан, Қазақстан экономикасы былтыр 6,5 пайызға өсті. Елдегі ішкі жалпы өнім көлемі 300 миллиард долларлық межеден асты. Инвестиция тарту көрсеткіші бойынша еліміз Орталық Азиядағы көшбасшылығын сақтауды көздейді. Тікелей шетелдік инвестицияның жиынтық көлемі 150 миллиард доллардан асып, аймаққа құйылған барлық қаржының шамамен 70 пайызын құрады. Осы экономикалық табыстарға негізінен саяси тұрақтылықтың арқасында қол жеткізіп отырмыз", - Тоқаев.
© Пресс-служба президента КазахстанаТоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді
Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді
© Пресс-служба президента Казахстана
Президент халықаралық бизнес үшін тартымды заманауи институционалдық орта қалыптасқанына назар аударды.
Сондай-ақ инвестициялық рәсімдерді жеңілдету үшін "бір терезе" қағидатына сай қызмет көрсететін Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа іске қосылды.
"Инвестициялық штаб қызметі жедел шешім қабылдауға және инвесторларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған. Бизнеске институционалдық кепілдіктермен бірге ұзақмерзімді нақты ынталандыру тетіктерін ұсынамыз. Бүгінде шетелдік кәсіпкерлер салықтық жеңілдіктер мен оңайлатылған көші-қон рәсімдері қарастырылған Altyn visa бағдарламасының артықшылығын пайдалана алады, – деді Тоқаев.
© Пресс-служба президента КазахстанаТоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді
Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді
© Пресс-служба президента Казахстана
Мемлекет басшысы еліміздің инвестициялық саясатында жасанды интеллект технологияларына мән беру – аса маңызды басымдық екенін атап өтті. Айтуынша, бұл қайталанбалы үдерістерден арылып, "ақылды сүзгі" қалыптастыруға мүмкіндік береді.
"ЮНКТАД болжамы бойынша, 2033 жылға қарай әлемдік жасанды интеллект экономикасының көлемі 5 триллион долларға жуықтайды. Аталған көрсеткіштің ондаған жыл ішінде шамамен 25 есе ұлғаюы жаһандық экономикадағы жасанды интеллектінің рөлі артып келе жатқанын байқатады. Еліміз осы бағытты белсенді қолға алуға ниетті", - деді ол.
Президенттің айтуынша, 2026 жыл – Жасанды интеллект және цифрлық даму жылы болып жарияланды. Болашақтың бағдарын айқындай отырып, біз азаматтардың цифрлық қауіпсіздігіне ден қоямыз. Қазақстан Конституциясының жаңа редакциясы әр адамның дербес деректерін қорғауға кепілдік береді. Институционалдық негізді нығайту үшін Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды. Сонымен қатар Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес өз жұмысын бастады,деді Тоқаев.