Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Бұл бағыттағы бастамалар 2022 жылдан бері айтылып келеді. Құрылтайда нақты үш өзекті мәселе айқындалды.
— Бірінші мәселе Парламенттік жүйеге қатысты. Болашақта ол 145 депутаттан және 8 комитеттен тұратын болады.
Бұл — конституциялық реформаның тек Сенаттағы өзгерістермен шектеледі деген пікірдің қате екенін айқын көрсетеді.
Қазіргі құрылымда Мәжілісте 7 комитет, Сенатта 6 комитет болса, алдағы уақытта біртұтас әрі ықшам жаңа жүйе қалыптасады.
Бұл — Парламент жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Екінші мәселе — Вице-президент институтын енгізу.
Бұл бастама билік жүйесінде саяси сабақтастық пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Вице-президент Президенттің өкілеттігін жүзеге асыруда қосымша тірек болып, басқару үдерісіндегі бірқатар маңызды мәселені үйлестіреді.