Елімізде 14,6 мың шетел азаматы еңбек етуде

03.11.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Елдегі шетелдік еңбек мигранттарының саны жайында бірер статистика. Біздің елге қай елдің азаматтары келіп жұмыс істейді десеңіз: 14 мыңнан астам шетелдік жұмыс істеп жүр. Ең көбі Қытайдан келген, яғни – 5 330 адам.

Сол секілді көршіміз Өзбекстаннан – 2 682 адам, ал Түркиядан мыңнан астам адам жұмыс істеу үшін келіп, тіркелген. Біздегі шетелдік жұмыс күшінің басым бөлігі құрылыс, ауыл шаруашылығы және тау-кен өндіру салаларында еңбек етеді. Елге 19 мың шетелдік жұмыс күшін тартуға болатын лимит белгіленген. Бұны ескерсек, өзге мемлекет азаматтары үшін тағы 5 мыңға жуық бос жұмыс орны қолжетімді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью