Елімізде 200 мың педагог ChatGPT Edu ді пайдаланатын болады

11.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Енді мұғалімдердің жұмысына жасанды интеллект көмектесе бастайды. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, елімізде шамамен 200 мың педагог ChatGPT Edu құралын пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Бұл жүйе сабақ дайындау, тапсырма құрастыру және оқу материалдарын әзірлеу кезінде мұғалімдерге көмек көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.

Алдағы уақытта мұғалімдердің күнделікті жұмысына жаңа цифрлық құрал енгізіледі. ChatGPT Edu деп аталатын жүйе педагогтерге сабаққа дайындалуды жеңілдетуге арналған. Бұл құрал арқылы мұғалімдер бірнеше минут ішінде сабақ жоспарын жасап, тесттер мен түрлі тапсырмалар құрастыра алады. Сонымен қатар оқу материалдарын оқушылардың білім деңгейіне қарай бейімдеуге мүмкіндік туады.

Жоба аясында OpenAI компаниясы елімізге 100 мың лицензия бөлмек. Оның ішінде 5 мың лицензия мектепке дейінгі ұйымдарға, 85 мың лицензия орта білім беру ұйымдарына, ал 10 мың лицензия колледждерге беріледі. Жылдың екінші жартысында лицензиялар қайта бөлініп, тағы 100 мың педагогке қолжетімді болады. Осылайша жалпы саны 200 мың мұғалім жасанды интеллект құралын пайдалана алады.

DeepSeek пен ChatGPT-ді жалған нұсқалардан қалай ажыратуға болады?

Министрлік таратқан мәліметке сәйкес, әр мұғалімнің өз «ақылды ассистенті» болады. ChatGPT Edu мұғалімдерге сабақ жоспарын дайындауға, түрлі тапсырмалар мен тесттер құрастыруға, сондай-ақ оқу материалдарын әртүрлі деңгейдегі оқушыларға бейімдеуге көмектеседі. Сонымен қатар педагогтер тапсырмаларды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде әзірлей алады.

«ChatGPT Edu мұғалімдерге күнделікті жұмысты жеңілдетуге көмектеседі. Мысалы, бірнеше минуттың ішінде сабақ жоспарын дайындауға, түрлі тапсырмалар мен тесттер құрастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқу материалдарын әртүрлі деңгейдегі оқушыларға бейімдеп жасауға болады. Мұғалімдер тапсырмаларды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде әзірлей алады. Сабақ барысында да бұл құрал пайдалы болмақ. Ол күрделі тақырыптарды қарапайым тілмен түсіндіруге, өмірден алынған мысалдарды қолдануға көмектеседі. Сондай-ақ сабақтарды талқылау, бірлескен жобалар немесе зерттеу жұмыстары форматында өткізуге мүмкіндік береді», делінген министрлік хабарламасында.

Жасанды интеллект жүйесі мұғалімдерге тек сабақ дайындауда ғана емес, оқушылардың жұмыстарын бағалау кезінде де көмек көрсетеді. Мысалы, бағалау критерийлерін құрастыруға көмектесіп, оқушылардың тапсырмаларын алдын ала талдай алады. Дегенмен соңғы бағаны қою құқығы мұғалімнің өзінде қалады.

ChatGPT-де жарнама пайда болады

Қазіргі уақытта Оқу-ағарту министрлігі пилоттық жобаны ресми түрде іске қосуға дайындалып жатыр. Айта кету керек, биыл қаңтар айында Қазақстан OpenAI компаниясының Education for Countries халықаралық бағдарламасының алғашқы қатысушыларының қатарына енді. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, бұл жоба мемлекеттік бюджеттен немесе сыртқы гранттардан қаржыландырылмайды. Жоба жеке қаражат есебінен жүзеге асырылады.

ChatGPT-дің жаңа сүзгісі

Соңғы жаңалықтар

Елімізде 200 мың педагог ChatGPT Edu-ді пайдаланатын болады

Білім • Бүгін, 12:32

Жетісу облысында құтқарушы қызмет барысында ерлікпен қаза тапты

Өшпес даңқ • Бүгін, 12:26

Ирандағы соғыста 150 америкалық әскери жараланды

Әлем • Бүгін, 12:13

Фермерлер 2025 жылы бұршақ дақылдарының рекордтық өнімін жинады

Шаруашылық • Бүгін, 11:54

Павлодар облысында киберполицейлер зейнеткердің 5 млн теңгесін алаяқтардан сақтап қалды

Қоғам • Бүгін, 11:33

Оңтүстік Кореядағы ұшақ апаты болған әуежайдың құжаттарынан өрескел қате табылды

Әлем • Бүгін, 11:28

Иран Ормұз бұғазына миналар орната бастады

Әлем • Бүгін, 11:17

15 наурызда елордалықтар автобуспен тегін қатынайды

Референдум • Бүгін, 11:07

«Nauryz Sale»: Мереке қарсаңында азық-түліктер арзан бағада сатылады

Баға • Бүгін, 10:56

Оңтүстік Кореядағы өрт: Жоғалып кеткен Қазақстан азаматының сүйегі табылды

Оқиға • Бүгін, 10:46

Астанада екінші ауысым оқушылары қалай оқитыны белгілі болды

Білім • Бүгін, 10:35

Қар, жаңбыр, жел: Елімізде ауа райы құбылмалы болады

Ауа райы • Бүгін, 10:27

Шекарашылармен өткен бір күн

Айбын • Бүгін, 10:14

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?

Қоғам • Бүгін, 10:00

Ғылымды қолдау – ел болашағына салынған инвестиция

Ғылым • Бүгін, 09:52

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью