Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, өтінімдердің 98 пайызы eGov Mobile қызметі арқылы онлайн, қалғаны жазбаша түрде берілген.
Қазақстандықтардың ойынға тәуелділік қаупін азайту үшін былтыр елімізде бірегей «тоқтату түймесі» іске қосылды. Қызмет 21 жастан асқан азаматтарға қолжетімді және шектеулер алты айдан 10 жылға дейінгі мерзімге белгіленуі мүмкін.
Өтінішті қайтарып алу мүмкін емес, бірақ өз-өзіне тыйым салу уақыты ұзартылуы мүмкін.
Туризм және спорт министрлігі 2024 жылдың 18 наурызынан бастап құмар ойындарға өздігінен тыйым салудың онлайн қызметін енгізу жобасын жүзеге асырып келеді.
Еске салайық, бұған дейін 600 млрд теңгелік заңсыз құмар ойын схемасы бойынша тоғыз адам қамауға алынғаны туралы жазған болатынбыз.