Елімізде 22 мыңнан астам су нысаны цифрландырылды

24.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Су ресурстары және ирригация министрлігінің Жерасты сулары департаменті Жерасты суларының мемлекеттік мониторингі және суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайы басқармасының басшысы Ляззат Зиябекованың айтуынша, бұл жүйе жерүсті және жерасты сулары, гидротехникалық құрылыстар мен су пайдалану туралы деректерді біріктіруге арналған.

Қазіргі жүйеде өзендер, көлдер және гидротехникалық құрылыстарды қоса алғанда, 22 мыңнан астам су нысаны есепке алынған.

— Осы жылдың соңына дейін негізгі инфрақұрылымды, оның ішінде каналдарды толық қамту жоспарланып отыр. Осы жүйе негізінде елдің бірыңғай су балансы қалыптастырылады. Бұл – нақты ағын көлемін, су қоймаларындағы судың жиналуын және оның экономика салалары бойынша тұтынылуын салыстыруға мүмкіндік беретін сапалық жаңа деңгей, - деп атап өтті басқарма басшысы.

Бұған дейін елімізде су үнемдеу технологиялары қандай нәтиже бергенін жазған едік.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью