24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Республикалық FinIQ акциясына мектеп оқушылары, студенттерден бастап, ересектер де атсалысты. Қатысушылар «дроп деген кім?», «қаржы пирамидасын қалай ажыратуға болады?», «жеке деректерді қалай қорғау керек?» сынды сұрақтарға жауап берді. Интерактивті тест 20 сұрақтан тұрады. Оны тапсырған әр адам қаржылық сауаттылық бойынша білімін жетілдірді. Диктант қорытындысы бойынша әр өңірден 10 жеңімпаз анықталып, барлығы 200 адам марапатқа ие болды.
Ернар Тайжан, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі:
- FinIQ жобасы қоғамның қаржылық сауаттылыққа деген жоғары қызығушылығын көрсетті және бұл бағытты үйренудің тартымды әрі қолжетімді бола алатынын дәлелдеді. Қаржылық диктант жыл сайын өткізіліп, қазақстандықтардың қаржылық қауіпсіздік саласындағы білімін арттыруға бағытталған дәстүрге айналмақ.