Елімізде 4,5 мың құлан бар

05.11.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Елде соңғы 70 жылда құлан саны 4 жарым мыңнан асты.

20 ғасырдың ортасында жойылып кеткен жануар түрін қайта жерсіндіру жұмыстары бүгінде айтарлықтай нәтиже беріп отыр дейді мамандар. Мәселен, 2024 жылы «Іле-Балқаш» және «Алтын Дала» қорықтарына жүзге жуық құлан көшірілген. Биыл да осы бағытта қосымша 36 бас жануар осы өңірлерге жеткізілді. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл жұмыс дала жануары мүлде жойылып кеткен аймақтарда экожүйенің тепе-теңдігін сақтауды көздейді.

Данияр Тұрғамбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы:

- 2022 жылдан бастап резерват аумағына шамамен 119 құлан көшіріліп, табиғи ортаға сәтті бейімделді. Резервант аумағында Жылу жүйесімен жабдықталған бақылау орталығы салынды, жануарларды қайта еңгізу бағдарламаларының экологиялық ғылыми-мәдение және әлеуметтік маңызы зор. Ірі сүтқоректілерді қайта қайтару экожүйелердің табиғи тепе-теңдігін қалпына келтіреді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью