Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Қазақстанның білім беру мекемелерінде жарты миллионға жуық баланы біріктірген "Күй күмбірі" республикалық домбырашылар акциясы өтті.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, ауқымды шара елдің барлық өңіріндегі мектептерде, балабақшалар мен колледждерде бір уақытта ұйымдастырылды.
Акцияға қатысушылар "Тепеңкөк", "Әлқисса" және "Ерке сылқым" күйлерін бір мезетте орындады
Биылғы жобаның бірнеше ерекшелігі бар. Шәкірттермен бірге балабақша тәрбиеленушілері мен студенттер де домбыра тартты.
Іс-шара барысында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктеріне баса назар аударылды.
Маңғыстау облысында күйлер тек домбырамен емес, жетіген сияқты басқа да дәстүрлі аспаптардың сүйемелдеуімен шырқалды.