Елімізде 99,6 мың адамға мүгедектік қашықтан берілді

03.12.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Бүгін – Мүмкіндігі шектеулі жандардың халықаралық күні. Елімізде жылма-жыл кембағал жандарды әлеуметтік қолдаудың көлемі ұлғайып келеді. Саланы цифрландырудың да пайдасы зор. Мәселен, мүгедектік тобын белгілеу бойынша биыл 100 мыңға жуық адамнан өтінім қашықтан қабылданды. Айта кетейік, жыл басынан бері медициналық-әлеуметтік сараптаманы сырттай жүргізудің пилоттық жобасы іске қосылған еді. 

Бүгінде қашықтан куәландыру ауру белгілерінің диагностикасын жүргізетін 50-ден астам  нысан бойынша жүргізіледі. Бұған дейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, әрі қағазбастылықтан арылтып, жүріс-тұрысты азайтуды тапсырған еді. Осы орайда, құзырлы органдар бірлесіп еліміздің 20 өңірінде медициналық-әлеуметтік сараптаманы сырттай жүргізуді қолға алған. Яғни, мүгедектік тобын белгілеу үшін азаматтар емханаға жүгініп, қажетті тексеруден өтсе болғаны, қалған процестер автоматты түрде өздігінен жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью