Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Qamqor.gov.kz деректері бойынша өткен жылы 301 768 іс тіркелген, яғни орташа есеппен күніне 800-ден астам жаңа іс тіркеліп отырған. Зардап шеккендердің жартысынан көбі (173 мыңнан астам іс) әйелдерге қатысты. Жалпы алаяқтықтың 50%-дан астамы (177 325 іс) ғаламтор арқылы жасалған.
Бұл істердің басым бөлігі ашылмаған күйі қалып отыр. Сотқа тек 99 мыңы ғана жіберілген. Ал 132 мыңнан астам іс (шамамен 34%-ы) қылмыскердің кім екені белгісіз болғандықтан тоқтап тұр. Әсіресе, интернет-алаяқтық бөлімінде бұл көрсеткіш тіпті жоғары (99 881 іс). Бұл сандар қылмыскерлердің дені шетелдік серверлерді, VPN-арналарды және басқа мемлекеттердің банк карталарын қолданатынын көрсетеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Антифрод-орталық алаяқтық әрекеттердің 67%-ы жалған инвестициялар мен онлайн-дүкендерге қатысты екенін айтқан еді.