Елімізде бал экспорты 2,5 есе артты: Шетелге 1477 тонна өнім жөнелтілді

18.02.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қазақстанда ара шаруашылығы серпінді дамып, ауыл шаруашылығының табысты әрі стратегиялық маңызды саласына айналып келеді. Соңғы деректерге сүйенсек, былтыр бал экспорты 2,5 есеге артып, отандық өнімге халықаралық сұраныстың жоғары екенін айқын көрсетті, деп жазады Egemen.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Экспорт көлемі еселеп өсті

2025 жылдың қорытындысы бойынша шетелге 1 477 тонна бал жөнелтілді. 2024 жылы бұл көрсеткіш небәрі 603 тонна болған еді.

Негізгі экспорттық бағыт – Өзбекстан. Бұл елге 1 264 тонна, яғни жалпы көлемнің 85,6 %-ы тиесілі. Сонымен қатар отандық бал Канада, Қытай, Сауд Арабиясы, Ресей және Америка Құрама Штаттарына экспортталды. Биыл алғаш рет Оманға да өнім жеткізілді.

Сырттан бал әкелу көлемі керісінше күрт азайды: 2024 жылғы 1 663 тоннадан 262,4 тоннаға дейін төмендеді. Бұл ішкі өндірістің ұлғайып, отандық өндірушілердің нарықтағы орны нығайғанын аңғартады.

Бал арасы – бақуаттылықтың бастауы

Өндірістік әлеует

Қазір Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы, Түркістан, Абай және Жетісу облыстарында 241 мың ара ұясы тіркелген. Оның 90,2 мыңы – асыл тұқымды.

Елімізде жыл сайын шамамен 5 мың тонна бал өндіріледі. Соның 46,5 %-ы (2,3 мың тонна) – жеке қосалқы шаруашылықтардың үлесінде болса, 54%-ы (2,7 мың тонна) – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне тиесілі.

Мемлекеттік қолдау және заңнамалық негіз

Мемлекеттік қолдау аясында бал өндірісінің шығынын азайту мақсатында өткізілген әр килограмм өнімге 200 теңге субсидия қарастырылған.

Саланы жүйелі дамыту үшін 2025-2027 жылдарға арналған жол картасы бекітілді. Сонымен қатар «Ара шаруашылығы туралы» және «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңдарға өзгерістер әзірленіп, 2025 жылғы сәуірде Парламент қарауына ұсынылды.

Осы жылдың 11 ақпанында ара шаруашылығы мәселелері бойынша заң жобасын талқылайтын жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті.

Қабылданатын түзетулер саладағы есептіліктің ашықтығын арттыруға, өндіріс тиімділігін күшейтуге және отандық балдың сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға бағытталған. Бұл өз кезегінде экспорт көлемін ұлғайтып, ауылдық аумақтардың экономикалық дамуына тың серпін бермек.

Ара, түкара, әрене жәндіктерінің неше түрі бар

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жақсылық Омарға қатысты тергеуді растады

Қоғам • Бүгін, 11:34

Түркістан облысында газобетон өндіретін кәсіпорын іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 11:25

Елімізде зейнетақының орташа мөлшері қанша теңге?

Қоғам • Бүгін, 11:11

Алғашқы тарауық намазы қашан оқылады?

Дін • Бүгін, 11:08

Енді Шу мен Отар арасында электрпойызы қатынайды

Қоғам • Бүгін, 10:51

Таразда мектеп оқушысын ұрламақ болған екі күдікті ұсталды

Оқиға • Бүгін, 10:45

Оралдық ғалымдар жаңа агрожоба ұсынды

Білім • Бүгін, 10:22

ҰБТ: Қостанай облысында талапкерлердің 74%-ы шекті балл жинады

Білім • Бүгін, 10:15

Еліміздің су қоймалары тасқын суға дайын ба?

Қоғам • Бүгін, 10:07

Рамазан айына 1 күн қалды

Руханият • Бүгін, 09:55

Бүгін қай өңірлерде жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:49

Бүгінгі доллар бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 09:35

18 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы • Бүгін, 09:29

Қысқы Олимпиада: Бүгін отандастарымыз қай спорт түрлері бойынша бақ сынайды?

Қысқы спорт • Бүгін, 09:10

Чемпиондар лигасы: «Реал Мадрид» португалиялық «Бенфикадан» басым түсті

Футбол • Бүгін, 09:07

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью