Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Биыл елімізде 1 сәуірден бастап алғаш рет балалар сауықтыру орталықтарының қызметін лицензиялау жүйесі енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Жаңа бастама балалардың демалысы, оқуы және сауықтырылуы үшін бірыңғай талаптарды қалыптастыруға бағытталған.
Ұйымдарға түсетін әкімшілік жүктемені азайтып, құжаттарды жыл сайын қайта рәсімдеу қажеттілігін болдырмау мақсатында лицензияның қолданылу мерзімі бес жыл болып белгіленді. Бұл ұйымдар қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, мемлекеттік бақылауды жүйелі жүргізуге мүмкіндік береді.
Лицензиялау балаларға көрсетілетін білім беру және сауықтыру қызметтерінің сапасын арттыруға, сондай-ақ қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған. Жаңа талаптарға сәйкес балалар сауықтыру орталықтары инфрақұрылым, кадрлық қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету және қауіпсіздік бағыттары бойынша белгіленген стандарттарға сай болуға тиіс.
Сонымен қатар жаңа жүйе талаптарға сәйкес келмейтін және қауіпсіздік талаптарын сақтамайтын бейресми ұйымдардың қызметін шектеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде қызмет сапасы артып, ұйымдардың жауапкершілігі күшейеді.
Балалар сауықтыру орталықтарына қойылатын негізгі лицензиялық талаптар:
білім беру және сауықтыру бағдарламаларының болуы; білікті педагогикалық және медициналық кадрлармен қамтамасыз етілуі; санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы; қауіпсіздік жүйелерінің болуы; материалдық-техникалық базаның белгіленген стандарттарға сәйкестігі.Жазғы демалысты ұйымдастыру мақсатында өңірлерде әкімдіктер жанынан ведомствоаралық штабтар құрылды. Ведомствоаралық комиссиялар балалар сауықтыру орталықтарының маусымға дайындығына алдын ала бағалау жүргізіп жатыр. Ал Оқу-ағарту министрлігінің білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттері балалар сауықтыру-білім беру орталықтарының өтінімдері негізінде лицензия рәсімдеп жатыр.
Жамбыл облысында оқушыларға арналған эко-лагерь ашылуы мүмкін
Қабылданған шаралар балалардың демалысы мен сауықтырылуын қауіпсіз әрі сапалы ұйымдастыруға, сондай-ақ елімізде білім беру-сауықтыру қызметтерінің бірыңғай стандартын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Соңғы жаңалықтар
Аида Балаева: Мәдениет – халқымыздың ұлттық болмысының айқын көрінісі
Мәдениет • Бүгін, 09:52
Белгілі кәсіпкер әрі блогер Сәуле Базархан пластикалық хирургия клиникасында көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 09:47
Заң жобасы: Мәжіліс рақымшылық мәселесін талқылайды
Парламент • Бүгін, 09:35
Ел аумағында ірі көлемде есірткі тасымалдаған күдіктілер қолға түсті
Есірткі • Бүгін, 09:33
Мәжілістің жалпы отырысында қандай мәселелер қаралады?
Парламент • Бүгін, 09:16
АҚШ соты Рауль Кастроға ең ауыр жаза түрін тағайындауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 08:52
«Астон Вилла» алғаш рет Еуропа лигасының чемпионы атанды
Футбол • Бүгін, 08:29
Бүгін доллар қанша теңгеден сатылып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 08:12
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 08:02
Абайлаңыз, қарақұрт: Қазақстанда қауіпті өрмекшілер жандана бастады
Қоғам • Бүгін, 00:28
Шахтинск қаласындағы гараждағы өрттен кейін жасөспірімнің денесі табылды
Қоғам • Кеше
Қазақстанда жылына 10 млн тонна мұнай өңдейтін төртінші зауыт салынады
Экономика • Кеше
Астанада Керей Жәнібек хандары көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
Қоғам • Кеше
Астанада Құрбандық шалу рәсімі өтетін орындар белгіленді
Руханият • Кеше
Алматы көшелерінің бірінде жол қозғалысы 2,5 айға шектеледі
Қоғам • Кеше