Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Қазақстанда банкрот деп танылған азаматтардың 250 млрд теңге қарызы кешіріледі. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін 1 118 азамат пайдаланған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Меруерт Сисембаева мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Pixabay
Қазірдің өзінде шамамен 65 мың азамат соттан тыс рәсім аясында банкрот деп танылған. Мемлекеттің есептен шығаратын қарыз көлемі – 132 млрд теңге. Ал сот рәсімі арқылы тағы 632 адам банкрот деп танылды.
Елімізде банкроттық рәсімдеу тегін бе, ақылы ма?
«Екі рәсім бойынша жалпы саны 66 600 адам банкрот деп танылды, олардың 250 млрд теңге қарызы есептен шығарылуға жатады. Бұдан бөлек, үшінші рәсім – төлем қабілеттілігін қалпына келтіру бар. Ол 1118 азаматқа қолданылды. Азаматқа төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын бекіту үшін екі ай уақыт беріледі», деді Сисембаева Сенат кулуарында.
Қазіргі таңда 402 адамға жоспар бекітілді. Азаматтар белгіленген кесте бойынша қарыздарын өтей бастады.
Еске салайық, 2024-2025 жылдары әдейі банкроттыққа қатысты 120 әкімшілік іс және 44 қылмыстық іс қозғалған.
Соңғы жаңалықтар
Трамп Си Цзиньпинді Вашингтонға шақырды
Әлем • Бүгін, 17:06
Түрік компаниялары Қазақстанда 3 100-ден астам жаңа жұмыс орнын ашады
Президент • Бүгін, 16:45
Қомақты аударымдар үшін неліктен биометриялық сәйкестендіру өту қажет?
Қоғам • Бүгін, 16:38
Автобуспен 1,5 сағат: LRT арқылы әуежайдан вокзалға дейін қанша уақытта жетуге болады?
Қоғам • Бүгін, 16:21
Түркияда Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектеп ашылды
Президент • Бүгін, 15:54
Кубада халық жаппай шеруге шықты: Елде жанармай қоры таусылған
Әлем • Бүгін, 15:53
Харрасмент жасағандар заңмен жазалана ма?
Қоғам • Бүгін, 15:43
Қазақстан Түркияға экспортты 630 миллион долларға дейін арттырмақ
Президент • Бүгін, 15:35
«Қазцинк» зауытындағы жарылыс: Министрлік үш жыл бойы кәсіпорын қызметінен кемшілік таппаған
Қоғам • Бүгін, 15:22
Қазақстанда 14-17 жастағы қыздарға адам папиломасы вирусына қарсы екпе салынады
Медицина • Бүгін, 15:20
Қоғам • Бүгін, 15:05
Тоқаев Түркия Президентін «Қожа Ахмет Ясауи» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 14:53
Түркия Қазақстанның ең ірі 5 сауда серіктесінің қатарына енді
Президент • Бүгін, 14:37
Қазақстан мен Түркия арасында «Мәңгілік достық туралы» декларация қабылданады
Президент • Бүгін, 14:29
Қазақстандағы алғашқы сталкер әйел: Полиция қандай мәлімдеме жасады?
Оқиға • Бүгін, 14:18