Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
— Су қауіпсіздігі және жерасты суларын шаруашылық айналымға тиімді тарту мәселелері Үкіметтің ерекше бақылауында. Бұл бағыттағы жұмыс Қазақстан Республикасының жаңа Су кодексі, Су ресурстарын басқару жүйесін 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы аясында жүргізілуде, — деді Үкімет басшысы жауабында.
Оның дерегінше, бүгінде Қазақстан Республикасында әртүрлі мақсаттағы жерасты суларының 4 803 кен орны барланған.
— Бекітілген пайдалану қорлары тәулігіне 43,2 млн текше метр. Бұл ретте барланған ресурстардың шамамен 3,5 пайызы ғана іс жүзінде пайдаланылып отыр. Барлық қор пайдалануға дайын және табиғи жолмен толықтырылып отырады, — деді Олжас Бектенов.
Айта кетейік, Су ресурстары және ирригация министрлігі 2027 жылға дейін Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Жетісу мен Ұлытау облыстарында жерасты суының жаңа көздерін анықтау бойынша кешенді іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.