Елімізде барлық бағыт бойынша жол ашық

07.11.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

2025 жылғы 7 қараша сағат 08:00-де бұған дейін жабылған мына республикалық маңызы бар автожолдардағы көлік қозғалысы қайта жанданды:

• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шек.» автожолының 16-200-шақ., (Астанадан Павлодар облысының шекарасына дейін).

• «Астана – Ерейментау - Шідерті» автожолының 200-254-шақ., (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін).

Компания қазақстандықтарға «112» құтқару қызметінен ауа райының нашарлағаны жөнінде SMS-хабарлама алған кезде бұған назар аударуды және елді мекендерден ұзақ сапарға шықпауды ескертті.

Ауа райы

2025 жылғы 7 қарашада Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Абай, Қарағанды және Павлодар облыстарында қар аралас жаңбыр мен қар жауады.

– Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескеруді сұраймыз, - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда алғаш рет көктайғаққа қарсы материалдардың ұлттық стандарты әзірленгенін хабарлағанбыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью