Елімізде бір күнде 13 орман өрті болды

27.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Салалық қызметтердің мәліметінше, бір өрт Ақмола облысында, тағы бірі Шығыс Қазақстан облысында болған. Ал «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында 9 өрт ошағы, «Ертіс орманы» резерватында 2 өрт тіркелген.

Барлық өрт ошақтары дер кезінде анықталып, орман күзеті қызметі мен «Қазавиаорманқорғау» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бірлескен күшімен жедел түрде оқшауланды.

Ведомствоның мәліметінше, «Семей орманы» және «Ертіс орманы» резерваттарының аумағында найзағайлы ауа райы байқалған. Осыған байланысты орман күзеті бөлімшелері жоғары дайындық режиміне көшірілді.

Министрлік өрт қаупі жоғары кезеңде тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға және табиғатқа ұқыпты қарауға шақырды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью