24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
ҚазАвтоЖол ауа райының бұзылуына байланысты 13 желтоқсанда көлік қозғалысын шектеу туралы шұғыл ақпарат таратты.
Шығыс Қазақстан облысы
13 желтоқсан сағат 16:00–де «Өскемен — Алтай — Үлкен Нарын — Қатон-Қарағай — Рахман қайнары» автожолының 6-166 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейін) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 14 желтоқсан сағат 06:00-де ашу жоспарланған.
13 желтоқсан сағат 18:00–де ауа райының бұзылуына байланысты «Өскемен — Риддер –РФ шекарасы» автожолының 15-105 шақырым аралығындағы учаскесінде (Белоусовка ауылы — Риддер қаласы) жүк және қоғамдық көлік түрлеріне шектеу қойылады.
Абай облысы
13 желтоқсан сағат 17:30-да республикалық маңызы бар «ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсанды айналма жолы — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы» 756–910 шақырым аралығы (Семей қ. — Қалбатау а.) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді. Жолды 2025 жылғы 14 желтоқсан сағат 06:00–де ашу жоспарланған.
13 желтоқсан сағат 19:00-де республикалық автожол учаскелерінде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады:
• «Өскемен-Семей» автожолының 103-198 шақырым аралығы (ШҚО шекарасы — Семей қаласы). Шығыс Қазақстан облысы:
• «Өскемен-Семей» автожолының 10-103 шақырым аралығы (Герасимовка ауылы — Абай облысының шекарасы). Жолды 2025 жылғы 14 желтоқсан сағат 06:00-де ашу жоспарланған.
13 желтоқсан сағат 20:30-да республикалық маңызы бар «Семей-Қайнар» 8-284 шақырым аралығы (Семей қ. — Қайнар а.) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді. Жолды 2025 жылғы 14 желтоқсан сағат 06:00-де ашу жоспарланған.
Ақтөбе облысы
13 желтоқсан сағат 18:00-де Атырау облысында республикалық маңызы бар «Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау — РФ шекарасы» 181-254 шақ., (Шұбарқұдық ауылы — Қарауылкелді ауылы) жүк және қоғамдық көлік түрлеріне шектеу қойылды. Жолды 2025 жылғы 14 желтоқсан сағат 05:00-де ашу жоспарланған.
13 желтоқсан сағат 21:00-да «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 776-965 шақырым аралығындағы учаскесінде (Экойл ЖҚС — Қарабұтақ ауылы) жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 14 желтоқсан сағат 07:00–де ашу жоспарланған.
13 желтоқсан сағат 21:00–да «Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы» автожолының 526-610 шақырым аралығындағы учаскесінде (Батыс Қазақстан облысы шекарасы — Қобда ауылы) жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 14 желтоқсан сағат 07:00–де ашу жоспарланған.
13 желтоқсан сағат 21:30–да «Ақтөбе-Қандыағаш-Доссор-Атырау-РФ шек. (Құрманғазы ө/п)» автожолының 104-181 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қандыағаш қаласынан Шұбарқұдық елді мекеніне дейін) жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 14 желтоқсан сағат 07:00-де ашу жоспарланған.
Қарағанды облысы
13 желтоқсан сағат 18:00–де республикалық маңызы бар «Астана — Қарағанды — Алматы» 248-359 шақырым аралығы (Атамекен ауылы — Ақсу-Аюлы кенті) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді. Жолды 2025 жылғы 14 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Батыс Қазақстан облысы
13 желтоқсан сағат 20:00–де республикалық маңызы бар «Казталовка-Жанібек-РФ шекарасы» 10-103 шақырым аралығы (Казталовка ауылы — Жәнібек ауылы) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді. Жолды 2025 жылғы 14 желтоқсан сағат 07:00-де ашу жоспарланған.
13 желтоқсан сағат 21:00–де республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы» 394-526 шақырым аралығы (Жымпиты ауылы — Ақтөбе облысы шекарасы) жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 14 желтоқсан сағат 07:00-де ашу жоспарланған.
13 желтоқсан сағат 22:10-да «Өнеге-Бисен-Сайқын» автожолының 1-103 шақырым аралығында (Өнеге ауылынан Сайқын ауылына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды. Жолды 2025 жылғы 14 желтоқсан сағат 07:00-де ашу жоспарланған.
Жамбыл облысы
13 желтоқсан сағат 22:00-де Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 2152-2214 шақырымы аралығында (Бұрылбайтал ауылынан Алматы облысының шекарасына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 14 желтоқсан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
Алматы облысы
13 желтоқсан сағат 22:00-де Жамбыл және Қарағанды облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Астана-Қарағанда-Алматы» автожолының 2214-2295 шақырым аралығында (Жамбыл облысының шекарасынан Қаншеңгел ауылына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 14 желтоқсан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.