Елімізде биыл тәртіп бұзған 350 адам пойыздан түсірілді

27.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Фото: Polisia.kz

Бұл туралы көліктегі полиция департаментінің басқарма бастығы Марат Дубаев мәлімдеді.

Кезекті оқиға Алматы – Қостанай бағытындағы жолаушылар пойызында болған. Пойыз бастығының актісі негізінде Отар станциясындағы көліктегі полиция бөлімшесінің қызметкерлері пойыздан екі жолаушыны түсірді.

«Тексеру барысында Алматы облысының 60 және 36 жастағы тұрғындарының алкогольдік масаң күйде болғаны, балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзып, өзге жолаушыларға қолайсыздық туғызғаны анықталды. Құқық бұзушылар полиция бөлімшесіне жеткізіліп, қоғамдық орында масаң күйде жүргені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», деді Марат Дубаев.

Астанада күн сайын шамамен 1500 құқықбұзушылық тіркеледі

Көліктегі ПД жолаушылар пойызы қоғамдық орын екенін және әрбір азамат белгіленген мінез-құлық қағидаларын сақтауға міндетті екенін еске салды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью