Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
«Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша, барикалық құрылымдардың жылдам ауысуына байланысты алдағы күндері Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болып қала береді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Республика аумағының басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын, боран, желдің күшеюі, көктайғақ құбылыстары күтіледі. Кезеңнің басында шығыста, кезеңнің соңында Қазақстанның батысында қатты қар жаууы болжанады. Республиканың оңтүстігінде бүкіл кезең бойы қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Температуралық фонда жылыну күтіледі:
батыста түнде 13-23 аяздан 0-10 аязға дейін, күндіз 3-12 аяздан 10 аяз – 2 жылуға дейін;
солтүстік-батыста түнде 17-28 аяздан 3-13 аязға дейін, күндіз 10-20 аяздан 0-8 аязға дейін;
солтүстікте түнде 18-28 аяздан 5-15 аязға дейін, күндіз 13-21 аяздан 10 аяз – 1 жылуға дейін;
оңтүстікте түнде 3-18 аяздан 5 аяз – 8 жылуға дейін, күндіз 13 аяз – 5 жылудан 5-15 жылуға дейін.
Шығыста түнде 0-12 аяздан 10-20 аязға дейін, күндіз 0-10 аяздан 7-15 аязға дейін ауытқу күтіледі.
Оңтүстік-шығыста түнде 0-13 аяздан 2-16 аязға дейін төмендеу, күндіз 0-13 аяздан 5 аяз – 8 жылуға дейін жоғарылау күтіледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.