Елімізде екі ауыл картадан жойылады

06.11.2025

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Шығыс Қазақстан облысында екі ауыл әкімшілік картадан алынып тасталмақ. Бұл туралы ШҚО мәслихатының сайтында жарияланған нормативтік-құқықтық акт жобасында жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: pixabay.com

Жарияланған жобаға сәйкес, Катонқарағай ауданындағы Жамбыл ауылдық округіне қарасты Шұбарағаш ауылы және Үлкен Нарын ауданындағы Новохайрузов ауылдық округіне қарасты Құндызды ауылы таратылмақ.

Құжатқа сәйкес, елді мекендердің жойылуына халық санының азаюы мен әлеуметтік инфрақұрылымның болмауы себеп болған.

Жобаны мәслихат қарап, бекіткеннен кейін аталған ауылдар Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық картасынан ресми түрде алынады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью