Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаевтың мәлімдеуінше, Қазақстан экономикасында 4,5 млн қыз-келіншек жұмыс істейді.
— Өткен жылы арнайы бағдарлама аясында 475 мың әйел жұмысқа орналастырылды. Ал 30 мың әйел кәсіпкерлік негіздері бойынша оқудан өтті, — деді ол.
Вице-министрдің сөзінше, нәзік жандылар да — елдің тұрақты дамуы үшін маңызды тірек.
— Тұрақты дамуға қатысты салаларда, мысалы, су ресурстарын басқару, ауыл шаруашылығы, экологиялық жобалар тәрізді секторларда әйелдердің белсенділігі күшейіп, үлесі артып жатыр. Қазақстан әлеуметтік және гендерлік теңдік, табиғи ресурстарды тиімді басқару ұстанымдарын халықаралық деңгейде танытып келеді, — деді Ербол Тұяқбаев.
Айта кетейік, бұған дейін гендерлік теңдік мәселесіндегі жаһандық үрдістер мен Қазақстандағы жағдай туралы жазғанбыз.